Екі кітап жарық көрді
<p style="text-align: justify;">Шоқан Уәлиханов атын­дағы тарих және этнология институты даярлаған қос кітаптың тұсаукесері өтті. Оның бірі – Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақа­ласын жүзеге асыру мақ­сатында жарық көр­ген «Ұлы даланың ұлы есім­дері» атты жинақ болса, екін­шісі – «Қожаберген ба­тыр» атты зерттеу.</p>

Алматы қаласындағы №4 кітапханада өткен жиынға екі ғылыми кітаптың авторлары мен ғалымдар, зиялы қауым өкілдері қатысты. Айта кетейік, «Ұлы даланың ұлы есімдері» атты жинаққа Ежелгі дәуір және түркі қағанаттары (VIII-XII ғғ), Алтын Орда кезеңі (XIII-XV ғғ), Қазақ хандығы дәуірі (XVIII ғ.) бірінші жартысы (1917 ж.), кеңестік Қазақстан және Тәуелсіздік кезеңінің ұлы есімдері еніп отыр.
Ал «Қожаберген батыр» кітабын ғалымдар Сайын Борбасов, Ахмет Тоқтабай және жазушы Жәди Шәкенұлы бірлесе дайындаған. Еңбек XVIII ғасырда өмір сүрген Абылай ханның батырларының бірі әрі қазақ-қытай қатынасында елеулі рөл атқарған Қожаберген Жәнібекұлының өміріне арналады. Кітапты шығаруға «Қожаберген батыр» қоғамдық қорының президенті Мерей Сләмұлы демеушілік жасаған.