Экономика
1 мин оқу 430

Тасымал ауқымы артты

<p style="text-align: justify;">&laquo;ҚТЖ-Жүк тасымалы&raquo; ЖШС өткен жылдың желтоқсанына дейін Павлодар стансасынан Новосібір стансасына (РФ) тағайындалған салмағы 41 тоннаға дейінгі 20 футтық ірітонналық контейнерлерге алюминий тиеуді және қабылдауды келісті.</p>

Тасымал ауқымы артты

«Қазақстандық электролиз зауыты» АҚ – әлемдік нарықта жоғары бәсекеге қабілеттігімен ерекшеленетін Қазақстандағы алғашқы алюминийді өндіруші, салмағы 36 тонна болатын инно­вациялық 20 футтық контейнерлерде өз өнімдерін тасымалдауды үйлестіру туралы өтінішпен Ұлттық тасымалдаушыға жүгін­ді. Пойыздар қозғалысының қауіп­сіздігі қамтамасыз етіліп, жүк­терді орналастыру мен бекітудің барлық техникалық талабы сақталғанда және тасымал жос­парының болуы жағдайында рұқсат етіледі.

Зауыттың барлық өнімі клиент­терге теміржол көлігі­мен жет­кі­зіледі. Компания жүктерінің шамамен 90%-ы темір жолда контейнерлермен тасымалданады. Ком­панияның кірме жолдары жүк операцияларын өндіруге және контейнерлерге қызмет көрсетуге арналған.

– Бүгінде темір жол бо­йын­ша контейнерлік тасымал кө­ле­мі оң қарқын көрсетуде. Біз жүктерді тасымал­дауда­ғы жүк жөнелтушілердің қажет­тілігін қамтамасыз ету үшін тасымалдың осы түрін дамытуға дайынбыз, деді «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС бас дирек­торы­ның бірінші орынбасары Қанат Көбесов.

Тасымалдың айтарлықтай көлемі мен алыс қашық­тыққа контейнерлерді пайдалана отырып, жүк жөнелтуші көлік­тік шығындарды төмендетеді және өнімдерді жеткізу уақытын қысқартады, деп хабарлады «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС бас­пасөз қызметі.

Бөлісу:
Тасымал ауқымы артты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар