Медицина
2 мин оқу 170

Ковидті еңсеруге жәрдемдеседі

<p style="text-align: justify;">Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары Марат Шоранов Азия даму банкінің Қазақстандағы тұрақты өкілдігінің директоры Нариман Маннапбековпен және Азия даму банкінің (АДБ) Орталық және Батыс Азия елдері бойынша өкілдерімен кездесті.</p>

Ковидті еңсеруге жәрдемдеседі

Жүздесу барысында М.Шоранов Қазақстанда COVID-19 таралуының алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар, соның ішінде вакцинопрофилактика мәселелері туралы хабардар етті және АДБ-ға денсаулық сақтау жобалары бо­йынша тиімді ұзақ мерзімді ы­н­ты­мақ­тастық үшін, оның ішін­де құ­рамында дәрі-дәрмек пен Қазақстандағы аз қамтылған отба­сы­­ларды қорғаудың бастапқы меди­циналық құралдары бар дәрі қоб­дишаларымен қамтамасыз ету мақсатында COVID-19-ға қарсы кү­рес бойынша көрсетілген грант­тық көмек үшін алғысын білдірді.

«Биыл 1 ақпаннан бастап Қазақ­стан­да жаппай коро­навирус инфекциясына қарсы вакциналау басталды. Бірінші кезекте бұл инфекциялық стационарлар­дың, жедел медициналық жәрдемнің, сондай-ақ басқа да медицина қыз­меткерлерін қамтиды. Кейін вакцина көлемінің жеткіліктілігіне қарай вакциналанатын контингентті одан әрі кеңейте отырып, қатарға педагогтер, күш құрылымдарының қызметкерлері қосылатын болады. Бүгінде халықты коронавирустан қорғау, яғни КВИ бойынша қалыптасқан жағдай­ды жеңуге және карантинсіз әдеттегі өмірге оралуға мүмкіндік беретін вакциналаумен қамту өте маңызды», деді М.Шоранов.

Н.Маннапбеков АДБ-ның Қазақстандағы өкілдігінің қазіргі қызметі туралы айтты. Кездесу барысында АДБ қызметкерлері вакцинаға қол жеткізуге жәрдемдесудің Азия-Тынық мұхиты тетігін (Asia Pacific Vaccine access Facility, APVAX) таныстырды. APVAX дамушы мүше елдерге COVID-19 вакциналарын сатып алуға және жеткізуге қолдау көрсететін ресурстар пакеті мен механизмді ұсынады және 2 ком­поненттен тұрады: жедел әрекет ету және инвестициялық компоненттер.

Вакцинаның алдын алу мәсе­лелеріне шетелдік серіктестерді ынтымақтастыққа тарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстың маңыздылығын ескере отырып, тараптар эпидемиологиялық жағ­дайды ескере отырып, Қазақстан Республикасының аталған APVAX тетігіне қатысу мүмкіндігін қарас­тыруға келісті.

Бөлісу:
Ковидті еңсеруге жәрдемдеседі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар