Ауа райы
1 мин оқу 430

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Қазгидромет 6-8 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>

Синоптиктердің айтуынша, Атлантика аудандарынан келген кезекті белсенді циклон Қазақстанның басым бөлігінің ауа райын анықтайды. Жауын - шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ, тұман бүкіл республика бойынша байқалатын болады. Кезеңнің соңына қарай Қазақстанның оңтүстік жартысына Түрікменстанның үстінде орналасқан антициклон жотасы әсер етеді. Атмосфералық процестердің тез өзгеруі бүкіл республика бойынша температуралық фонның ауытқуын тудырады.

Бөлісу:
Демалыс күндері ауа райы қандай болады? · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар