Сенаторлар өнеркәсіптегі кәсіпорындардың өзекті мәселелерін талқылады
<p style="text-align: justify;">Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің депутаттары "Атамекен" ҰКП басшылығымен кездесті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Еліміздегі өнеркәсіптің дамуын тежейтін өзекті мәселелер мен қатерлер күн тәртібіндегі негізгі тақырып болды. Сенаторлар өнеркәсіп объектілерінің, әсіресе экспортқа бағдарланған кәсіпорындардың саны мен жай-күйіне назар аударды. Бизнес қауымдастығы өкілдері өз кезегінде осы саладағы заңнамалық базаны жақсарту жөніндегі ұсыныстарын айтты.

Кездесу барысында өндірістік объектілерді жетілдіру, арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың жұмыс істеуі, сондай-ақ өңдеу өнеркәсібі субъектілеріне кредит беру деңгейін арттыру мәселелері көтерілді.
Кездесу "Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік саясатын заңнамалық реттеу: жағдайы, мәселелері және шешу жолдары" тақырыбына арналған Үкімет сағатына дайындық аясында өтті.