Ауа райы
1 мин оқу 1,121
Еліміздің 6 облысында күн суытады
<p style="text-align: justify;">7-8 ақпан аралығында Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында күн суытады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Автомобиль жолдары комитетінің «Қазгидромет» мәліметтеріне сілтеме жасап хабарлауынша, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында жауын, қар жауып, кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады.
Сондай-ақ ауа температурасы күрт төмендеп, секундына 23-28 метр жылдамдықпен бұрқасын соғады деп болжанады. Төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында көлік иелеріне алыс сапарға шықпауға кеңес беріледі.
Бөлісу: