Елорда
1 мин оқу 180

Елордада көлікті мас күйде жүргізген шетелдік ұсталды

<p style="text-align: justify;">Елордада көлігін мас күйде жүргізген шетелдік ұсталып, 15 тәулікке қамалды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

«Оқиға куәгерлері «102» пультіне көлік рулінде мас күйде отырған жүргізуші туралы хабарлады. Полиция қызметкерлері іздеу іс-шарасы барысында Toyota Camry көлігінің 48 жастағы жүргізушісін Мәңгілік ел-Ұлы дала көшелерінің қиылысында ұстады. Құжаттарын тексеру барысында ер адамнан спирттің өткір иісі шығып тұрды», делінген Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті таратқан ақпаратта.

Ведомство мәліметінше, медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, орташа деңгейде мас болғаны расталғанына қарамастан жүргізуші не бәрі 2 бөтелке сыра ішкенін айтып ақталған.

«ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608-бабы 1-тармағымен мас жүргізушіге қатысты әкімшілік іс қозғалып, көлігі коммуналдық тұраққа қойылды. Әкімшілік сот шешімімен ер адам 15 тәулікке қамалды және 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды», деді полициядан.

Бөлісу:
Елордада көлікті мас күйде жүргізген шетелдік ұсталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар