ШҚО-да қар құрсауында қалған стансаға азық жеткізілді
<p style="text-align: justify;">Кейбір елдімекендерде қалың қардан аяқ алып жүру мүмкін болмай қалды. Глубокое ауданы, Аврора стансасының тұрғындары қалың қардан шыға алмай, жергілікті әкімдіктің көмегіне жүгінген, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Олар қар құрсауында қалған стансаға азық-түлік пен медициналық препарат керектігін айтқан. Қол ұшын беруге төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері мен Краснояр ауылдық округі әкімдігінің мамандары жолға шыққан.
Мамандар медициналық препараттар мен азық-түлік жеткізіп ғана қойған жоқ, аудандық орталық ауруханасының дәрігерлері тұрғындар арасында медициналық тексеру де жүргізді. Сондай-ақ, аудан басшылығы алыстағы Аврора стансасының тұрғындары алдағы уақытта да назарда болатынын айтты.