ЕДБ ЕАЭО үшін цифрлық құзыреттілік орталығын құратын болады
<p style="text-align: justify;">Еуразиялық Даму Банкінде (ЕДБ) Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) цифрлық құзыреттілік орталығы құрылады. Бұл ұсынысты Қазақстанның Премьер-Министрі, ЕАДБ Кеңесінің төрағасы Асқар Мамин «Цифрлық Алматы» форумы кезінде жасады. Оны барлық ЕАЭО елдерінің үкімет басшылары қолдады, деп жазады <a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz</a> .</p>

ЕДБ Басқарма төрағасы Николай Подгузов Еуразиялық даму банкі мұндай миссияға толықтай дайын екенін айтты. Қазірдің өзінде цифрлық технологиялар саласындағы кәсібилігімізді таныттық.
-Біз ЕАЭО цифрлық интеграциясы үшін не қажет екенін және оны қалай жүзеге асыру керектігін түсінеміз, - деді ЕДБ Басқарма төрағасы Николай Подгузов.
Бұған дейін Николай Подгузов ЕАЭО «саяси амбицияларсыз» экономикалық одақ болып қала ала ма деген сұраққа да жауап берген.
– Біздің есімізде, Еуразиялық Одақ идеясы бірінші рет 1994 жылы 29 наурызда Мәскеу мемлекеттік университетінде Қазақстанның Тұңғыш Президентінің сөйлеген сөзінде ең жоғары деңгейде айтылды, – деді Николай Подгузов.