Аймақтар
1 мин оқу 200

Атырау облысының үш ауылында дәрігерлік амбулатория ашылды

<p style="text-align: justify;">Атырау облысының алыстағы үш ауылында дәрігерлік амбулатория жұмыс істей бастады. Қызылқоға ауданының әкімі Нұрсұлтан Бисембиевтің мәліметінше, Сағыз, Қаракөл, Қарабау ауылдарында дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді.</p>

Атырау облысының үш ауылында дәрігерлік амбулатория ашылды

«Өткен жылы аудандағы медициналық мекемелер екі жаңа жедел жәрдем автокөлігімен қамтылды. Төрт  дәрігер жұмысқа орналасты. Ауданда әлі 8 дәрігер жетіспейді» дейді Нұрсұлтан Бисембиев.

Оның айтуынша, қазір Қызылқоға ауданында 50 төсектік орталық аурухана,   8 дәрігерлік амбулатория, 1 фельдшерлік-акушерлік, 6 медициналық пункт бар. Бұл мекемелерде 41 дәрігер, 294 орта буын медицина қызметкері жұмыс істейді.

Бөлісу:
Атырау облысының үш ауылында дәрігерлік амбулатория ашылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар