Жаңалықтар
1 мин оқу 450

Взводтардың жауынгерлік атыс даярлығы басталды

<p style="text-align: justify;">Жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес Аягөз гарнизонының Майлин полигонында танк әскери бөлімінің жеке құрамымен бөлімшелердің далалық дағдысын және үйлесімділігін жетілдіру мақсатында взводтардың жауынгерлік атыс даярлығы басталды.</p>

Атыс сабақтары климаттың қолайсыздығына қарамастан далалық жағдайда жүргізіледі. Тактикалық іс-қимылдармен қаруды шебер қолдану және бөлімшелердің атысын басқару, сонымен қатар қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау шаралары басты назарда болады. Жеке құрам бөгде жерде ұрыс қимылдарын жүргізу сынды, өзара іс-қимылды ұйымдастыру, взводтың атысын басқару мәселелерін пысықтайды, сондай-ақ ұрыс машиналарын қозғалыс кезіндегі ату шеберлігін жетілдіреді.
 

«Танк әскери бөлімінде взводтардың жауынгерлік атыс даярлығы басталды. Мұнда әскери қызметшілер өз іс-қимылдарын штаттық жауынгерлік техникаларда практикалық атыс пен тактикалық дайындық нормативтерін орындап, сонымен қатар сынақтар тапсыратын болады. Барлық сабақтар санитарлық нормаларды қатаң сақтай отырып өтеді. Жеке құрамның моральдық-психологиялық жағдайы жоғары деңгейде. Наурыз айында атыс даярлықтарын қорытындылайтын боламыз», - деді бөлім командирінің жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары подполковник Б. Жүсіпов .


Жауынгерлік атысты қамтамассыз ету үшін жеке құрам штаттық қарулардан оқ атып, жекелеген мақсаттар бойынша жаяу әскердің жауынгерлік БМП машинасына орнатылған зеңбіректерден түнгі және күндізгі  уақыттарда нысаналарды көздеп оқ атуды, сондай-ақ нақты жауынгерлік жағдайда дәлдеу тапсырмалары мен нормативтерін орындайды.

Бөлісу:
Взводтардың жауынгерлік атыс даярлығы басталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар