Аймақтар
2 мин оқу 1,213

Атырауда робот құрастыратын жасөспірімдер көбейді

<p style="text-align: justify;">Атырау облысында жасөспірімдердің робот құрастыруға ынтасы артып келеді.</p>

Атырауда робот құрастыратын жасөспірімдер көбейді

Мәселен жақында облыстық дене шынықтыру және спортты дамыту орталығының алғашқы әскери және технологиялық дайындық басқармасы «Әскери робототехника» және «Қару-жарақтың, әскери техниканың үлгілері» аталатын сайыс өткізді. Оған өңірдегі білім беру мекемелерінің әскери-патриоттық клубтары мен «Жас сарбаз» сыныптарынан 32 тәрбиеленуші қатысты.

Р

«Байқау қатысушылары робототехника, 3D модельдеу және схемотехника курстарын қашықтан оқып жүр. Олардың арасында болашақта еліміздің қорғаныс өнеркәсібіне үлес қосатындар бар екеніне сенімдімін», - дейді «Жас сарбаз» балалар мен жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысыоблыстық филиалының жетекшісі Нұрлан Елеуов.

Сайыс қорытындысында С.Мұқашев Атырау политехникалық жоғары колледжінің студенттері Темірлан Нұптоллаев пен Еламан Жанатбек «Робототехника» номинациясында үздік деп танылды. Олар «M-939» жүк тасымалдау жабдықтарының  моделін құрастырды.

Ал «Қару-жарақ пен әскери техниканың үлгілері» аталымында Жылыой ауданындағы «Жас техниктер»станциясының тәрбиеленушісі Жұмаш Дастан үздік атанды.

Бөлісу:
Атырауда робот құрастыратын жасөспірімдер көбейді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар