Руханият
2 мин оқу 1,044

Кенеп бетіндегі көрініс

<p style="text-align: justify;">Ұлттық музейде &laquo;Бір туынды тарихы&raquo; жобасы аясында Қазақстанның Халық суретшісі Әубәкір Ысмайыловтың 1981 жылы тау пейзаждары жанрымен салынған &laquo;Биік таулар&raquo; картинасы көпшілікке таныстырылды.</p>

Кенеп бетіндегі көрініс

Тауда бір рет болған адам оның ерекше айбындылығы мен сұлулығын ұзақ уақыт ұмыта алмайды. Біздің алдымыздан сүрлеудің әр бұ­ры­лысынан көкке ұмтылған тау шыңдары, төмен қарай сылдырай аққан сарқырамалар, бөктерге тамаша жайғасқан ағаштар шығады. Құдды, кеу­деңе ұлылықтың нұрын төгіп тұрғандай.

Тау – табиғаттың ең керемет жетістігі. Олар ас­қақ әрі құдіретті. Алыстан көз қа­­дасаң, жылы шырайлы секілді. Солай бола тұра қа­терлі әрі қауіпті. Тәкаппар тау­­ларды сүйген су­ретші ғана өз кар­­тиналарын­да оның күші мен жұмбақ сиқырын жеткізе алады.

Біздің алдымызда Ша­мал­ған тауларының ғажап көрі­ністері көсіліп жатыр. Таудың суреті кенеп бетін түгелдей жауып, биікке ұмсынады. Суреттің тек төменгі жағынан салт аттылар жүріп бара жатқан жіңішке жолды көреміз. Олар таудың әсем көріністерінің әсе­рінен байқалмайды да. Сол кішкентай бейнелер көшпелі қазақтың өмірінен сыр тартатындай.

Оқырман бұл сұлулықты бірінші пландағы қошқыл түс­термен боялған тауда тұ­рып бақылайды. Содан кейін біз жасыл түспен көмкерілген тау бөктерінің тізбегін кө­реміз. Ал самал жел соғып тұр­ған шыңдары тастақты жы­ныстарымен түксиіп тұр. Картина бойымен сәл жоғары көтерілсеңіз, солардың арғы жа­ғынан көз жауын алатын аппақ қарлы тау шыңы шыға келеді. Қарлы шыңдар бірінші және екінші пландағы тауларға мүлде керағар орналасқан. Олар көгілдір аспан астында ауада салмақсыз қалықтап тұр­ғандай. Бұлар – қатып қал­ған тап-таза мөлдір мұз қабат­тарының сақтаушысы.

Әубәкір Ысмайылов өз кар­тинасында таудың құді­ретін, олардың бойындағы құ­пияны және өзіне қарап тұр­­ған адамды сендіретін шек­сіздік пен мызғымастық се­зімін жеткізген. Суретші кейінгі ұрпақ үшін тұмса та­би­ғаттың аспанмен астасып жат­қанын ұғындырып, жер мен көктің тұтастығын кенеп бетіне жазып, қалдырып кетті. Мұндағы ой – қазақтың дарқан даласының әр бөлігі жанға шуақ, көңілге қуаныш сыйлайтынын дәлелдеу.

Бөлісу:
Кенеп бетіндегі көрініс · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар