Қоғам
1 мин оқу 565

Еліміздің екі облысында көлік қозғалысы уақытша шектелді

<p style="text-align: justify;">Ауа райының қолайсыздығына байланысты Павлодар және Қарағанды облыстарында көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ресми Telegram каналына сілтеме жасап.</p>

«8 ақпан 07:30-да Павлодар облысында ауа райының нашарлауына байланысты Қарағанды облысындағы «Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Керней–Ботақара» автожолының 138-231 шақырымында барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді. Сондай-ақ бүгін 06:30-да Қарағанды облысында қолайсыз ауа райына байланысты (боран, жолдың көрінбеуі, көктайғақ) «Екатеринбург – Алматы» автожолының 1492-1610 шақырымында жол жабылды», делінген хабарламада.

Бүгін 07:00-де Қарағанды облысында ауа райының нашарлауына байланысты (боран, жолдың көрінбеуі, көктайғақ) автокөліктің барлық түрлері үшін мына автожолдарда қозғалысқа шектеу енгізілді: 1. «Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Керней-Ботақара» 231-324 шақырымы, Павлодар облысы шекарасы уч.-Ботақара кенті; 2. «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» 17-217 шақырымы, Қарағанды қ. уч-Қарқаралы қ.

Бөлісу:
Еліміздің екі облысында көлік қозғалысы уақытша шектелді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар