Экономика
2 мин оқу 310

Құс өсірушілер одағының президенті жұмыртқаның қымбаттау себебін айтты

<p style="text-align: justify;">Қазақстан құс өсірушілер одағының президенті құс тұмауының таралуы салдарынан өндіріс құлдырап, салада бағаның өскенін айтады, деп жазады <a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz</a></p>

Оның пікірінше, бағаның өсуіне делдалдар жауап береді. Олар өнімнің бағасы 30%-дан 50%-ға дейін өсірген.  Сонымен қатар, құс өсірушілердің өздері де отандық асыл тұқымды базаның жоғынан осындай мәселемен бетпе-бет келіп отыр.

Жыл өткен сайын елге жеткізілген тауықтар фермерлерге қымбатқа түсіп жатыр. Қазақстан құс өсірушілер одағы көптеген кәсіпорын өндірісті кеңейтуге ғана емес, тіпті жем-шөп сатып алуға да айналым қаражаты жетпейтінін айтады. Себебі, жем-шөп жарты жылда төрттен бірге қымбаттаған. 2020 жылы елімізде 5 миллиард жұмыртқа өндірілген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 8,4%-ға аз. 

Өңірлер арасында жұмыртқа өндірісі бойынша Алматы (994,8 миллион дана, бір жыл ішінде минус 5,8%), Ақмола (804,4 миллион дана, минус 6,5%) және Қарағанды (664,3 миллион дана, минус 11,2%) облыстары көш бастап тұр.  Бұл аймақтардағы ірі өндірушілер – «Алсад Казахстан» ЖШС, «Алматы құс фабрикасы Сұңқар» ЖШС, «Қазгер-Құс» ЖШС, «Майқұдық құс фабрикасы» ЖШС, «К. Маркс атындағы құс фабрикасы» ЖШС және тағы басқалары. 2020 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша жергілікті компаниялар жұмыртқаға сұраныстың (экспорт пен ішкі нарықта сату) 96,6%-ын қамтамасыз еткен.

Бұл ретте экспорттың үлесі - 4,2%. Өткен жылы бұл көрсеткіш 30,4% болған еді. 204,9 миллион жұмыртқа сыртқы нарыққа жіберілді. Бұл көрсеткіш 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,9 есе аз. Толық емес жыл ішінде ішкі нарықта 4,7 миллиард жұмыртқа сатылды, жылдық өсім - 25,7%. Орташа есеппен әрбір қазақстандық 3 күнде екі жұмыртқадан, яғни күніне бір жұмыртқадан аз тұтынады.

Бөлісу:
Құс өсірушілер одағының президенті жұмыртқаның қымбаттау себебін айтты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар