Шымкентте карантинді бұзған компьютерлік клуб анықталды
<p style="text-align: justify;">Шымкент қаласы Полиция департаментінің Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік инспекторлары карантин режимінің сақталуын бақылау бойынша рейдтік іс-шараларды өткізуді жалғастырып жатыр, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.</p>
Рейдтік іс-шаралар нәтижесінде карантин талаптарын елемей жұмыс істеген “ZEUS” компьютерлік клубы анықталды. Оның ішінде 50-ге жуық адам болған.
Аталған жайт бойынша учаскелік полиция инспекторлары жиналған әкімшілік құжаттарды карантиндік шектеу талаптарын бұзғаны үшін компьютерлік клубтың иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК 425-бабының 1-бөлігі бойынша шаралар қабылдау үшін Әл-Фараби ауданы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жолдады. Тәртіп сақшылары карантин талаптарын кез келген бұзу жайты әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.