Спорт
1 мин оқу 80
Зарина Дияс Australian Open турнирін жеңіспен бастады
<p style="text-align: justify;">Австралияның Мельбурн қаласында «Үлкен Дулыға» турнирінің алғашқы ірі додасы - Australian Open-2021 бәсекесі басталды. Аталған сынға қатысып жатқан қазақстандықтар арасынан Зарина Дияс алғаш болып бірінші айналымнан өтті деп хабарлайды Olympic.kz. </p>
Қазақстандық теннисші беташар матчта словениялық Тамара Зиданшекті екі сет қорытындысы бойынша ұтты. Есеп - 6:1, 7:5. Кездесу 1 сағат 22 минутқа созылған. WTA рейтингінде Зарина 81-ші, Зиданшек 132-ші орында тұрғанын айта кету керек.
Өкінішке қарай, бала күтіміне байланысты үзілістен соң үлкен спортқа қайта оралған Ярсолава Шведова жекелей сынды аяқтады. Ол алғашқы айналымда италиялық Камила Джорджиден 3:6 3:6 есебімен ұтылған.
Бөлісу: