Тағайындау
1 мин оқу 685

Қазығұрт ауданына жаңа әкім тағайындалды

<p style="text-align: justify;">Түркістан облысы Қазығұрт ауданының әкімі болып Арман Айдарұлы Абдуллаев тағайындалды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Қазығұрт ауданына жаңа әкім тағайындалды

Президент Әкімшілігінің келісімі және Қазығұрт аудандық мәслихаты депутаттарының қолдауымен Түркістан облысы әкімінің өкімімен Қазығұрт ауданының әкімі қызметіне тағайындалған Арман Абдуллаев бұған дейін облыстық стратегия және экономикалық даму басқармасын басқарды. Мамандығы бойынша инженер-экономист, менеджментті де меңгерген білікті маманның ауданды басқару тәжірибесі де бар. А.Абдуллаев 2016-2019 жылдары Шардара ауданы әкімі қызметін атқарған.

Жаңа әкімнің алдында Қазығұрт ауданының экономикасын көтеру әрі ілгерілету міндеті тұр.

Бөлісу:
Қазығұрт ауданына жаңа әкім тағайындалды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар