Видео
1 мин оқу 170

Павлодар көшелерінің бірін су басты

<p style="text-align: justify;">Қаладағы Шевченко көшесінен Толстой көшесіне дейін қозғалыс жабылды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.</p>

Қала әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, Павлодарда Катаев көшесі, 16 мекенжайы бойынша құдықтан су ағып жатқаны анықталды. Қазіргі уақытта «Павлодар-Водоканал» ЖШС авариялық бригадасы жарылған орынды анықтау үшін суды сору жұмыстарын жүргізуде.

- Павлодар қаласының әкімдігімен іргелес жатқан тұрғын үйлердің жертөлелерінен суды сору үшін «Коммунсервис» КММ арнайы техникасы жұмылдырылды, - делінген қаланың баспасөз қызметінің хабарламасында.


Екпінді жою бойынша жұмыстардың жүргізілуіне байланысты Катаев көшесі бойымен Шевченко көшесінен Толстой көшесіне дейін автомобиль көлігінің қозғалысы уақытша тоқтатылды.

Бөлісу:
Павлодар көшелерінің бірін су басты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар