Аймақтар
1 мин оқу 350
Шымкенттегі базарлардың бірінде контрабандалық сұйықтық өнімдерін сақтаған қойма анықталды
<p style="text-align: justify;">Шымкентте контрабандалық сұйықтық өнімдерін сақтаған қойма анықталды, деп хабарлайды <a href="https://www.egemen.kz/">Еgemen.kz</a> Polisia.kz сайтына сілтеме жасап</p>

Шымкент қаласы Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасы және Еңбекші ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері қаладағы базарлардың бірінде контрабандалық автокөлік қозғалтқышының салқындату жүйесіне арналған сұйықтық (тосол-антифриз) өнімдерін сақтаған қойманы анықтады.
Қойманың ішінде сұйықтық (тосол-антифриз) өнімдері бар 10 литрлік 10 дана канистра және бір кубтық жеті бөшке тәркіленген. Аталған жайт бойынша жинақталған құжаттар тиісті мекемеге жолданды.
Аида ОРАЛБЕК
Бөлісу: