Елорда
1 мин оқу 141

Елордада КВИ-ға қарсы екпе салатын 36 пункт ұйымдастырылды

<p style="text-align: justify;">МСАК-тың (медициналық-санитариялық алғашқы көмек) 36 ұйымында барлығы 36 егу кабинеті жұмыс істейді, онда COVID-19-ға қарсы вакцинация жүргізу жоспарлануда. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов мәлім етті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.</p>

«Егу пункттері барлық қажетті заттармен қамтамасыз етілген және санитарлық талаптарға сәйкес келеді. Барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, 36 вакцинация кабинеті дайындалды», деді Тимур Мұратұлы.
 
Басқарма басшысы сөзін жалғай отырып, 36 жылжымалы бригада, сондай-ақ COVID-19-ға қарсы вакцинация жүргізу мен ұйымдастыруға, қалдықтарды кәдеге жаратуға жауапты қызметкерлер белгіленгенін атап өтті.

Бөлісу:
Елордада КВИ-ға қарсы екпе салатын 36 пункт ұйымдастырылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар