Аймақтар
1 мин оқу 156
Елордада ірі ұтыс ойынын ұйымдастырғандарға 4 млн теңге айыппұл салынады
<p style="text-align: justify;">Елордада карантинге қарамастан ірі ұтыс ойынын ұйымдастырған кәсіпкер 4 млн теңгеге дейін айыппұл төлейді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау мекемесі шешімге келді. Кәсіпкер гүл дүкенінің ашылуына байланысты 2 мың адамның қатысуымен ұтыс ойынын ұйымдастырып, сыйлыққа 2 автокөлік тіккен. Санитарлық ережелерге мүлде сай келмейтін әрекетке барып, келушілердің денсаулығына қауіп төндірген. Адамдар арасында арақашықтық сақталмай, маска тағу режимі мен басқа да ережелер бұзылған.
Бөлісу: