1-2 жылдан кейін вакцинациялау қайта жүргізілуі мүмкін
<p style="text-align: justify;">Бұл шара адам иммунитеті мен ағзасындағы антиденелер деңгейіне байланысты қабылданады, деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz</a></p>
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында UMС клиникалық иммунология, аллергология және пульмонология бағдарламасының жетекшісі Елена Ковзель осылай деп мәлімдеді.
«Маған жиі қойылатын сұрақтардың бірі – 1-2 жылдан кейін қайта вакцинация бола ма? Бұл өте қиын сауал. Көптеген вирустарға ревакциянация жүргізілетінін жақсы білесіздер. Мәселен, қызылша ауруына қайта вакцинация жасалады. Мұның барлығы вирус құрылымына байланысты. Соған сәйкес 1 немесе 2 жылдан кейін қайта вакцинация жүргізілуі мүмкін. Бірақ бұл халықтың ағзасындағы антиденелер мен жасушаларындағы иммунитетке байланысты қабылданатын шешім», деді маман.