Аймақтар
2 мин оқу 303

Біліктілікті шыңдау бағдарламасы

<p style="text-align: justify;">Өткен жылдың соңында С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінде &laquo;Тotal energy school&raquo; мектебі ашылды. Енді мұнда Францияның жетекші профессорлары атыраулық студенттер мен жас ғалымдарға дәріс береді. Мақсат &ndash; тәжірибелі халықаралық сарапшылардың теориялық білімі мен практикалық дағдысын үйрену, мұнай өнеркәсібі, академиялық оралымдылық тұрғысында байланыс орнату.</p>

Біліктілікті шыңдау бағдарламасы

– Қазір жоғары білімді ма­мандарға қойылатын талап күшейді. Әсіресе қайта даярлау мәселесі, жаңа технологияларды меңгеру маңызды болып отыр. «Total energy school» мектебі ұйымдастыратын курс­тар осы мәселелерді шешуге септігін тигізеді. Бұған дейін Назарбаев Университеті мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де өткен курстар тиімділігін көрсетті. С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ уни­верситетінде екі аптада 350 адам осы курсқа қатысып, бі­лі­мін жетілдіреді. Бұл жас­тар­дың ғылым-білімге деген құлшынысын арттырып, бола­шағына сенім мен серпін береді, – деді Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев.

Университет ректоры Гүл­зада Шакуликованың айтуынша, төмен көміртекті энер­гетика саласының көшбас­шысы атанып отырған «Total energy school» әлемдегі ең үз­дік энергетикалық компа­ния­лардың жұмысын тек тео­риялық тұрғыда емес, іс жү­зінде зерттеуге мүмкіндік бе­ріп отыр. «Total» профессорлар қа­­уымдастығы бакалавриат пен ма­гистратурада білім алатын студенттерге, профессор-оқы­тушылар құрамына мұнай-газ, мұнай-химия, энергетика және қоршаған орта пәндерінен курс­тар ұйымдастырады.

– Бұл тәжірибе студенттердің болашақта жұмысқа орналасуына даңғыл жол ашады. Дәрістерді «Total» мамандары кәсіби сараптама мен нақты іс-тәжірибедегі мысалдарды зерделеу негізінде дайындап отыр. Біз ынтымақтастықты тек мұнай-газ секторында ғана емес, болашағы зор жаң­ғырмалы энергия көздері сала­сында да жалғастыруға, бір­лескен жобаларды дамытуға ниеттіміз, – деді Гүлзада Ша­куликова.

Жақында аталған университетте белсенді трансформациялау аясында білім бе­ру процесіне тағы бір үздік тәжірибе енгізілді. Бұл жо­лы энергетика секторын кә­сіби мамандармен қамту үшін МВА бағдарламасы ашылды. Ректор Гүлзада Шакуликованың пікі­рінше, бұл бағдарлама тек өңірдің ғана емес, еліміздің индустриясына ұлттық кадр­ларды даярлауға ықпал етеді. Өйткені көшбасшы маман­ды тек үздіксіз кәсі­би және жеке даму ғана ерекше­лейді. Сол себептен МВА бағ­дарламасы мансабын одан әрі жоғарылатуды, сондай-ақ қоғамның дамуына үлесін қосуды көздейтін көшбасшыларға арналып отыр.

– Кез келген мемлекеттің дамуының негізі – білім мен ғылымды жетілдіру. Бұған біз­дің университеттегі МВА бағ­дарламасының қосар үлесі зор болмақ. Мұнда дәріс бе­ре­тін қазақстандық және шетел­­­дік ірі компаниялардың тә­­жірибелі оқытушылары мен танымал сарапшылары мо­дульдік нысандағы жұмыс­тан қол үзбей оқытуды, шетел­дік тағылымдаманы, ком­му­­никациялық мүмкіндікті ке­­ңейтуді көздейді, – деді Г.Шакуликова.

Атырау облысы

Бөлісу:
Біліктілікті шыңдау бағдарламасы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар