Экономика
1 мин оқу 710

Кремний карбидін өндірмекші

<p style="text-align: justify;">Биыл жазда Лисаков қаласынан 8 шақырым жерде кремний карбидін өндіретін зауыт салынады. Қазір жаңа кәсіпорынның жер қатынасы саласына қатысты құжаттары дайын. Енді жобалық сметасы мен өндіріс ошағының қоршаған ортаға қалай әсер ететінін анықтайтын құжаттар әзірленуде.</p>

Кремний карбидін өндірмекші

Бизнес жоспары бойынша зауыт құрылысы 10 ай ішінде аяқталуы тиіс. Одан кейін зауытты іске қосу және өндірістің дұрыс жолға қойылуына көз жеткізу үшін тағы 4 ай кетеді. Алайда кәсіпорын басшылығы кадр іріктеу шараларын ертерек – көктем шыға салысымен бас­тағалы отыр. Зауыт іске қосылса, 180 адам тұрақты жұмыспен қам­тылмақ.

ТМД аумағында кремний карбидін жалғыз Волга авбра­зив зауыты ғана өндіреді екен. Ресей мен Қытайдағы көп­те­ген сабақтас салалар осы ши­кі­­заттан тапшылық көріп отыр. Ал Лисаков зауытында жы­лына 34 мың қара кремний карбиді өндірілетін болады. Ма­мандардың айтуынша, карбидтің бұл түрін металлургия саласы мен өрт сөндірушілер киімін тіге­тін фабрикалар пайдаланады.

Жалпы құны 20 млн АҚШ доллары болатын жаңа инвестжобаны ресейлік «Бобров кварциті» компаниясы жүзеге асырады.

Қостанай облысы

Бөлісу:
Кремний карбидін өндірмекші · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар