Білім
1 мин оқу 422

Бес тіл үйрететін курс

<p style="text-align: justify;">Қазақтың құбылысқа айналған көрнекті ақыны Қадыр Мырза Әли &laquo;Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!&raquo; деуші еді. Әрине, ана тіліңді жетік меңгергенге не жетсін. Осы орайда Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті тың бастаманы қолға алды. Бұл &ndash; аталған оқу орнында білім алатын шетелдік студенттерге бес тілді үйрететін арнайы курс.</p>

Бес тіл үйрететін курс

– Біздің бастамамызды іске асыруға облыс әкімдігі қолдау біл­­дірді. Ал шетелдік студенттер үшін ашылған курста қазақ, ағыл­шын, орыс, түрік және қытай тілін үй­рету көзделіп отыр. Бұл бас­тамаға Каспий маңы елдеріндегі жоғары оқу орындарының мамандары да, атыраулық ерікті студенттер де атсалысады. Басты мақсат – Қа­зақстан Рес­пуб­ли­ка­сының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев­тың қазақ тілін ұлтаралық қатынас тілі деңгейіне көтеру тапсырмасына үлес қосу. Әсіресе шетелдік сту­дент­тердің қазақ тілін терең мең­геруіне жол ашылады, – дейді Сала­мат Идрисов.

Ректордың айтуынша, же­ті жұрттың тілін меңгерген Алаш қайраткерінің есімін иелен­ген уни­верситетте 200-ден астам шет­елдік сту­дент оқиды. Олар­дың басым бөлігі – Ресей Феде­рациясындағы Астрахань облысының тұрғындары.

Ал облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Әсия Қыс­таубаеваның пікірінше, әкімдік тарапынан қазақ тілінің халықаралық қатынас тілі ретінде кең қанат жаюына қолдау көрсетіледі. Өйткені мұндай бастама шетелде тұратын қандастарымыздың ана тілін мең­геруіне септігін тигізеді.

– Осыған байланысты облыстық тілдерді дамыту басқармасы аталған курста қолға алынған тәжірибе не­гізінде әдістемелік құралдар да­йын­­дауды көздеп отыр. Себебі мұн­­дай талап Тілдерді дамыту мен қол­­данудың мем­лекеттік бағдар­лама­сында айқын көрініс тапты, – дейді Әсия Қыс­таубаева.

Атырау облысы

Бөлісу:
Бес тіл үйрететін курс · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар