Әлем
1 мин оқу 640
БАӘ-де авраамдық үш дін ғибадатханасы ашылады
<p style="text-align: justify;">Келесі жылы Абу-Дабиде авраамдық үш дін - христиан, ислам және иудаизм ғибадатханасы ашылады деп жоспарланып отыр. Бұл туралы БАӘ-нің Ресейдегі елшісі Мұхаммед Әл-Джабер мәлімдеді, деп хабарлайды <a href="https://www.egemen.kz/">Egemen.kz</a></p>

Дүйсенбі күні еврей мұражайы мен толеранттылық орталығында мекеме мен БАӘ елшілігі арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.
Айта кетейік, iс-шара Халықаралық Адами бауырластық күніне орайластырылған.
«2022 жылы Абу-Дабиде үш әлемдік діндер - ислам, христиан, иудаизм ғибадатханасын ашу жоспарлануда. Ол «Авраам отбасының үйі» деп аталатын болады», деді елші.
Аида ОРАЛБЕК
Бөлісу: