Білім
1 мин оқу 331

Әскери оқу орындарында қашықтықтан оқыту қағидалары бекітіледі

<p style="text-align: justify;">Қорғаныс ведомствосы &laquo;Орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарында қашықтықтан оқыту бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы&raquo; ҚР Қорғаныс министрі бұйрығының жобасын дайындады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Құжатта орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарында қашықтықтан оқыту бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидалары, оқу процесін жүргізу, қолдану және ұйымдастыру тәртібі, білім алушылардың білімін бақылау регламенттелген.

Құжат жобасының толық мәтінімен ағымдағы жылдың 10 ақпанына дейін интернет-порталдың ашық нормативтік құқықтық актілер бойынша сілтеме арқылы танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=6595697.

Бөлісу:
Әскери оқу орындарында қашықтықтан оқыту қағидалары бекітіледі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар