Аймақтар
1 мин оқу 390

Түнгі мезгілде көше кезген жасөспірімдер ұсталды

<p style="text-align: justify;">Петропавл қаласында ювеналдық полицейлер түнгі сағат бірлер шамасында Назарбаев және Мүсірепов көшелерінің қиылысында көше кезіп жүрген бір топ кәмелетке толмаған жасөспірімдерді ұстады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Түнгі мезгілде көше кезген жасөспірімдер ұсталды

Тексеру барысында жастардың бәрінің кәмелет жасына толмағандығы белгілі болды. Өткен жазда дәл осы қылығы үшін олар инспекторлардың көзіне түсіп үлгерген. Осы жолы да ата-аналары шақыртылып, Әкімшілік кодекстің 442-бабы бойынша хаттама толтырылып, жасөспірімнің анасымен профилактикалық сипаттағы әңгімелесу жүргізілді.

СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Қанат Айтбаевтың айтуынша, жыл басынан ювеналдық полицейлер облыс бойынша 60-тан астам рейдтік іс-шаралар өткізген. Қаңтар айында полицияға кәмелетке толмаған 319 жасөспірім жеткізіліпті. Оның ішінде кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта үй-жайдан тыс жүргені үшін 210 заңды өкіл жауапкершілікке тартылды. Түрлі құқық бұзушылықтар үшін өңір аумағында 8 жасөспірім есепке қойылыпты. Бүгінгі таңда полицияның есебінде 190 жасөспірім тұр екен. Олардың әрқайсысымен полицейлер мен ұстаздар жекелей жұмыстар жүргізеді.

ПЕТРОПАВЛ

Бөлісу:
Түнгі мезгілде көше кезген жасөспірімдер ұсталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар