Жаңаөзен тұрғыны жұмысқа тұрмақ болып 4 млн теңгесінен айырылды
<p style="text-align: justify;">Елордалық алаяқ Жаңаөзен тұрғынынан жұмысқа тұрғызу үшін 4 млн теңге ақша алған, деп хабарлайды <a href="https://www.egemen.kz/">Еgemen.kz</a></p>

Жақында Жаңаөзен қаласы Полиция басқармасының кезекші бөліміне жергілікті тұрғын арызбен жүгінеді.
Оның айтуынша, басқа қаладан келген ер адам оны жұмысқа орналастыруға уәде беріп, көмегі үшін одан алдын ала 4 млн теңге ақша алған. Алайда уәде етілген жұмысқа орналастыру туралы мәселе шешілмегендіктен, қала тұрғыны алданғанын ұғып, полицияға шағымданған.
Жедел уәкілдер осы іске қатысы бар деген күдікпен Нұр-Сұлтан қаласының 41 жастағы тұрғынын анықтап, аталған азамат полицияға жеткізілді.
Қазір тіркелген факт бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінің 1-тармағы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Аида ОРАЛБЕК