Елорда жастары Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін оқу челленджін бастады
<p style="text-align: justify;">Нұр-Сұлтан қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы қазақтың көрнекті ақыны Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойына орай, ақынның өлең шумақтарын оқу республикалық челленджін бастайды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.</p>
Іс-шараның мақсаты - Мұқағали Мақатаевтың шығармаларын жастар арасында кеңінен насихаттау, шығармаларын оқу арқылы өскелең ұрпақтың патриоттық рухын көтеру, ақынның шығармашылығына деген қызығушылықтарын арттыру.
⠀
Басқарма басшысы Қайрат Қамбаров челленджге бастау беріп, оны басқа өңірлердегі Жастар саясаты басқармаларына және өзге де белсенді жастарға жолдады.
⠀
Аталған челлендж республикалық деңгейде ұйымдастырылып жатыр. Сол себепті кез келген адам ақынның қалаған шығармасын таңдап, #МұқағалиМақатаев90жыл хэштегімен бөлісе алады.