Аймақтар
1 мин оқу 134

Елорда әкімі азаматтарды қабылдады

<p style="text-align: justify;">Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов&nbsp;<a href="https://www.instagram.com/p/CLEpWZCnj_j/?igshid=1utnsf5nn2133">Instagram</a>&nbsp;парақшасында азаматтарды қабылдап, 30-дан аса мәселе талқыланғанын мәлім етті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.</p>

«Азаматтарды қабылдадым. Тұрғындармен кері байланысты нығайту үшін оларды апта сайын қабылдаймыз, бұл қала тұрғындарының мәселесін тез қарауға мүмкіндік береді. Бүгін бас-аяғы 30-дан аса мәселемен 18 адам келді. Басты мәселелер - тұрғын үй бағдарламаларына қатысу, жұмысқа орналасуға жәрдем, білім алу, медициналық көмек, жеке іс ашуға көмектесу және т.с.с.

Әлеуметтік әлсіз топқа жататын азаматтардың барлық санаты үшін жан-жақты жағдай жасау маңызды. Бұл дегеніміз - тұрғын үй мәселесін шешу, оңалту; біліммен, жұмыспен, медициналық көмекпен және т.б. қамтамасыз ету.

Тек былтырдың өзінде ДЦП, аутизм, Даун синдромы және т.б. диагнозы бар балаларды оңалтумен айналысатын бірнеше оңалту орталығы ашылды, сондай-ақ, инватакси саны 2 есе өсті.

Жаңа үйлердің бірінші қабатында "қадамдық қолжетімдік" қағидатына сәйкес балаларға арналған шағын орталықтар, оңалту орталықтары, балабақшалар, үй маңындағы доктор және т.с.с. нысандар ашамыз.

Балалар-біздің болашағымыз. Оларды дамыту, оңалту және білім беру үшін барлық жағдай жасау маңызды. Биыл осы бағыттарды жүйелі негізде дамытуды жалғастырамыз», - дейді қала әкімі.

Бөлісу:
Елорда әкімі азаматтарды қабылдады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар