Оқиға
2 мин оқу 240

Қысылтаяң шақта көрсетілген қолдау

<p style="text-align: justify;">Пандемия жағдайында мемлекет 2020 жылы тиісті жеке және заңды тұлғаларға нақты көмек көрсету арқылы экономика мен әлеуметтік саланы тұрақтандыруға бағытталған бірқатар шара қабылдады. Бұл туралы саясаттанушы Андрей Чеботарев өзінің &laquo;Қазақстан-2020: коронадағдарыспен күрес және жаңа реформалар&raquo; атты сараптамалық баяндамасында атап өтті.</p>

Қысылтаяң шақта көрсетілген қолдау

Бұл жағдайда шектеу шара­ла­рының енгізілуіне байланыс­ты табысынан айырылған аза­мат­тар­ға, сондай-ақ өзін өзі жұ­мыс­пен қамтығандарға немесе бейресми жұмыс істей­тін­д­ерге 1 ЕТЖ (42 500 теңге) мөлшерінде ай сайынғы төлемдер беру бірін­ші кезектегі шара болды. Тиісті өтінімдерді беру үшін еgov.kz порталы, сондай-ақ арнайы құрылған «42500.enbek.kz» порталы қолданылды. Қа­рас­тырылып отырған қар­жы­лық көмекті көрсету үшін Мем­ле­кет­тік әлеуметтік сақтан­ды­ру қорынан 476 млрд теңге бөлінді. Төлемдер 2020 жылдың сәуір-мамыр және шілде айларында төтенше жағдай кезінде және одан кейінгі шектеу шаралары кезінде берілді. Бұл көмекті барлығы 4,6 млн адам алды.

Қарастырылып отырған про­­цеске түрлі мемлекеттік емес құрылымдар да өз үлес­те­рін қосты. Тұңғыш Пре­зидент – Ел­басы Нұрсұлтан Назар­баев­­тың бастамасымен панде­мия жағ­дайында халықтың әлеу­меттік осал топтарына қа­йы­рымдылық кө­мек көрсету үшін құрылған «Birgemiz» қо­ғамдық қорын ерекше атап өткен жөн. Қорға 2020 жылдың қазан айының ортасына қарай сомасы шамамен 34 млрд теңге­ні құраған қайырымдылық тү­рін­дегі ақшалай қаражатты отандық биз­несмендер мен меценаттар ұсынды. Осы қордан 50 мың теңге мөлшерінде біржолғы төлем түрінде қаржылық көмек 2,2 млн қазақстандыққа немесе 650 мыңнан астам отбасына берілді. Сондай-ақ 320 мың отбасына азық-түлік себеттері мен бірінші кезекте қажетті тауарлар, тағы 100 мыңына 5 млн медициналық маска берілді.

Төтенше жағдай режімі мен ка­рантиндік шектеу шара­ла­ры­­ның енгізілуіне байланысты тұ­рақты атаулы әлеуметтік көмек алу­шы­ларға оны тағайындау уәкі­летті мем­лекеттік орган­дар­ға жүгінбей-ақ жыл бойы ұзартылды. Атап айтқанда, 2020 жылғы төртінші тоқсанда бұл шара 130 мың отба­сының 650 мыңнан астам азаматына қатысты болды. Өткен жылдың 1 желтоқсанындағы жағ­дай бойынша 168,6 мың отбасыдан 858 мыңнан астам адамға 58,3 млрд теңге сомасында АӘК тө­ленді. Сонымен қатар былтыр желтоқсан айының ортасына қарай 92,4 мың адам жұ­мы­сы­нан айырылуына байланыс­ты Мемлекеттік әлеуметтік сақ­тан­дыру қорынан әлеуметтік төлемдер алды.

Бөлісу:
Қысылтаяң шақта көрсетілген қолдау · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар