Өнер
1 мин оқу 300

Киім тігуді үйретеді

<p style="text-align: justify;">Атырау қаласының ірге&shy;сінде бірнеше елді мекен бар. Соның бірі &ndash; Томарлы. Жақында осы ауылда ті&shy;гіншілікке оқытатын ор&shy;талық ашылды. Оған қа&shy;жетті орынды Атырау қала&shy;сының әкімдігі ұсынды. Ал тігін машиналарын об&shy;лыстық мәслихаттың депу&shy;таты, &laquo;Азаматтық Альянс&raquo; қоғамдық бірлес&shy;ті&shy;гінің же&shy;текшісі Әлібек Сем&shy;ғалиев сатып алып берді.</p>

Киім тігуді үйретеді

Мұндай орталық кішкентай балаларын тәрбиелеп отырған, мүмкіндігі шектеулі әйелдерді жұ­мыспен қамтуға жол ашады. Кейін олар өз кәсібін ашып, отба­сылық бюджетіне табыс тү­сіре­­тін қадам жасайды, дейді Әлі­бек Семғалиев.

Аталған орталық жетекшісі Гүлсім Биташеваның айтуынша, тігіншілік курсына 15 әйел жазылып­ты. Оның ішінде үш әйел – ІІ топ­тың, бір әйел – ІІІ топтың мү­ге­дегі. Үшеуі – көп балалы ана. Олар тегін дәріс алады.

– Қазір киім тігу де бизнестің бір түріне жатады. Өйткені бұл – шығармашылық, дизайнерлік идеяны жүзеге асыруға мүмкін­дік береді. Бұл қызмет түрі табыс табудың көзі бола алады. Мұнда әйелдер отбасы мүшелері үшін қа­жеттің бәрін тігуді үйренеді. Киім­нің түрлерін пішу де, тігу де – ынталы жанның қолынан келетін іс. Қазақтың ұлттық киім­дерін заман талабына сай жаңар­тып тігу тәсілін меңгереді, – дейді Г.Биташева.

 

Атырау облысы

Бөлісу:
Киім тігуді үйретеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар