Экология
1 мин оқу 810

Алматы қаласында жер сілкінді

<p style="text-align: justify;">Білім және ғылым министрлігіне қарасты &laquo;Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы&raquo; ММ сейсмикалық стансалар желісі 10 ақпанда Алматы уақытымен 04:40-та жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="https://almaty.tv/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Almaty.tv&nbsp;</a>тілшісі&nbsp;<a href="https://www.inform.kz/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">ҚаАқпаратқа</a>&nbsp;сілтеме жасап.</p>

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 330 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында орналасқан. 

Зілзаланың энергетикалық санаты – 9.8. 

MPV магнитудасы – 4.4. 

Эпицентрдің координаттары – 44.32° с. е. 80.71° ш. б. 

Тереңдігі – 20 шақырым. 

МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы ақпарат жоқ. 

Еске сала кетейік, кеше Алматы қаласынан 50 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелген болатын. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 50 шақырым жерде Қазақстан аумағында орналасқан.

Бөлісу:
Алматы қаласында жер сілкінді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар