Аймақтар
1 мин оқу 154
Қарағандыда ер адам кассирді өртеп жібермек болды
<p style="text-align: justify;">Қарағандыда қарақшылар қаладағы шағын несие ұйымдарының бірінің кассиріне шабуыл жасап, үстіне бензин құйып, жағамыз деп қорқытқан, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>
9 ақпанда сағат 16.00-де Қарағандыда микронесиелік ұйымдардың бірінің үй-жайында белгісіз екі адам 28 жастағы әйел кассирге бензин құйып жіберген. Қарақшылар 120 мың теңге сомасындағы ақшаны иемденген.
«Аталған факті бойынша ҚР ҚК 192-бабы «Қарақшылық» бойынша қылмыстық іс тіркелді. Күдіктілерді анықтау және ұстау үшін полиция департаменті аппаратының ең тәжірибелі қызметкерлерінен жедел топ құрылды», деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.
Бөлісу: