Спорт
1 мин оқу 130

Australian Оpen-2021: Зарина Дияс үшінші кезеңге жолдама алды

<p style="text-align: justify;">Мельбурнде өтіп жатқан Australian Open-2021 турнирінде қазақстандық Зарина Дияс үшінші айналымға өтті деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.&nbsp;</p>

Екінші кезеңде Зарина америкалық Бернарда Перамен жолыққан болатын. Үш сетке созылған матч 2:1 есебімен (4:6, 6:3, 6:3) Диястың пайдасына шешілді. 

Кездесу 2 сағат 5 минутқа жалғасқан. 

Айта кетелік, WTA рейтингінде Зарина Дияс 83-ші, Бернарда Пера 66-шы орында. 

Бөлісу:
Australian Оpen-2021: Зарина Дияс үшінші кезеңге жолдама алды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар