Аймақтар
1 мин оқу 180

Теңіз кенішіндегі стационарда 377 науқас жатыр

<p style="text-align: justify;">Атырау облысы &laquo;жасыл аймаққа&raquo; өтті. Алайда өткен тәулікте 49 адамның қауіпті вирусты жұқтырғаны белгілі болып отыр, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Теңіз кенішіндегі стационарда 377 науқас жатыр

«Науқастардың арасында Теңіз кенішінің 32 жұмысшысы, Атырау қаласының 10 тұрғыны бар. Сондай-ақ Құрманғазы ауданында 6, Махамбет ауданында 1 адамнан Сovid-19 анықталды. Оның ішінде 10 адамда инфекцияның симптомды түрі бар» деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан сауығып шыққандар 95 адамды құрады. Ал үй жағдайында емделуді жалғастырған науқастардың саны – 276 адам. Облыстық инфекциялық стационарда 72, аудандардағы стационарларда 25, Теңіз кенішіндегі стационарда 377 науқас емделіп жатыр.

Бөлісу:
Теңіз кенішіндегі стационарда 377 науқас жатыр · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар