Аймақтар
1 мин оқу 250

Атырауда 2 млрд теңгенің балық шабағын өсіру жобасы іске асырылады

<p style="text-align: justify;">Атырау облысының Құрманғазы ауданында бекіре тұқымдас және өзге де балық түрлерін өсіретін жаңа жоба іске асырылмақ. Жобаға 2 млрд теңге инвестиция салынады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Атырауда 2 млрд теңгенің балық шабағын өсіру жобасы іске асырылады

Тұрғындар алдында есеп берген Құрманғазы ауданының әкімі Қайрат Нұртаев мәліметіне сүйенсек, аталған жобаның инвесторы – «СевКаспий ФИШ» ЖШС. Бұл серіктестік 2 млрд теңге ​инвестиция салу арқылы балық ​ қорын көбейтуді қолға алады. Сөйтіп, бекіре тұқымдас және қара балықтардың 10 милионнан астам шабағын өсіріп, Қиғаш өзеніне жібермек. Сондай-ақ ауданда  тоған шаруашылығын дамыту қолға алынады.

«Бұл жобаны іске асырудың нәтижесінде 1000-нан аса адам тұрақты жұмыспен қамтылады деп күтілуде. Бұдан бөлек, балық, егін, мал және құс шаруашылығын ​ дамыту мақсатында​ Қиғаш өзенінде 243,55 шақырымды құрайтын жанама каналдардың түбі тереңдетіледі. Сондай-ақ, 75 шақырымдық «Кобяково-Забурунье» суландыру жүйесін қайта жаңғырту жоспарланып отыр» дейді аудан әкімі Қайрат Нұртаев.

Бөлісу:
Атырауда 2 млрд теңгенің балық шабағын өсіру жобасы іске асырылады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар