Аймақтар
1 мин оқу 190

Қостанайда жасырын жұмыс істеген ойынхана анықталды

<p style="text-align: justify;">Қостанай облысының спорт-барларының бірінде жасырын казиноның заңсыз қызметі анықталды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;</p>

Департамент қызметкерлері «STOP-ойын» жедел алдын алу шарасы аясында Қостанай қаласының спорт барларын тексерді. Тексеру барысында арнайы ойын жабдықтарын қолданып, жасырын казино ұйымдастырғандар әшкереленді.

Қазіргі уақытта құмар ойындарын өткізгендерге қатысты ҚР ҚК 307-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ведомство мәліметіне сүйенсек, әзірге тергеу жүргізіліп жатқандықтан басқа деректер құпия сақталады.

Бөлісу:
Қостанайда жасырын жұмыс істеген ойынхана анықталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар