Аймақтар
1 мин оқу 392

Атырау облысында карантиндік шектеу шаралары ұзартылды

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Бүгін облыстың бас санитар дәрігері Мәдениет Танауовтың жаңа қаулысымен каранитндік шектеу шаралары тағы да ұзартылды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>

Атырау облысында карантиндік шектеу шаралары ұзартылды

«Атырау облысының аумағында эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін шаруашылық және (немесе) өзге де қызметпен және халықтың тыныс-тіршілігінің ерекше жағдайларымен шектеу шаралары ұзартылсын. Шектеу іс-шараларының режимі мен мерзімдері облыс аумағында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін» делінген қаулыда.

Жаңа қаулыға сәйкес Теңіз кен орнында да карантиндік шектеу шаралары эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін ұзартылғаны белгілі болды.  

«Теңізшевройл» ЖШС, Теңіздегі жедел штаб, мердігерлік ұйымдардың және басқа кәсіпорындардың басшыларына вахталық әдіспен жұмыс істейтін жұмысшылар арасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін COVID-19 ошақтарын оқшаулау бойынша нақты іс-шаралар жоспарын әзірлеу, инфекция жұқтырған науқастарды оқшаулау үшін Теңіз кен орнында қосымша карантиндік орындар ашу жүктеліп отыр.

Жаңа қаулы 11 ақпанда сағат 00:00-де күшіне енеді.

Бөлісу:
Атырау облысында карантиндік шектеу шаралары ұзартылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар