Білім
1 мин оқу 320

Еліміздің солтүстігінде аязға байланысты мектептерде сабақ болмайды

<p style="text-align: justify;">Павлодар облысының бірнеше ауданы мен Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласында үскірік аязға байланысты оқушылар сабақты қашықтан оқиды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Бүгін Петропавлда 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқиды. Өйткені қалада термометр бағаны 27 градустан төмендеді. Өңірде бірнеше күннен бері аяз күйшеіп тұр.

Сондай-ақ Павлодар облысында аязға байланысты сабақтар уақытша тоқтатылды. Атап айтқанда Ақсу мен Ертіс қалаларында және Аққулы мен Май ауданында бастауыш сынып оқушыларына сабақ болмайды.

Сонымен қатар Железинск және Шербақты аудандарында 1-9 сынып оқушыларына сабақ тоқтатылды. Тереңкөл, Павлодар және Успен аудандарының 1-11 сынып оқушылары үшін де сабақ онлайн өтеді. 

Бөлісу:
Еліміздің солтүстігінде аязға байланысты мектептерде сабақ болмайды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар