Шығыс Қазақстанда күнбағыс майын шығаратын зауыт салынады
<p style="text-align: justify;">Шығыс Қазақстан облысына қарасты Глубокое ауданында май экстракциялау кешенінің құрылысы жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>
Глубокое ауданындағы «Алтын Шығыс» ЖШС май экстракциялау кешенінде 1000 тоннадан астам күнбағыс майын шығару жоспарланып отыр.
Құны 28 млрд теңге болатын жоба «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып отыр.
«Бүгінде кешенде күнбағыс ядросын өндіру бойынша цех салынды. Тазартылған ядро өндірісімен күнбағыс тұқымын қайта өңдеу бойынша жабдық тестілік режимде іске қосылды. 8 цехтың құрылысына іргетастар құйылды. Инфрақұрылым жүргізу (сумен қамтамасыз ету және электрмен қамтамасыз ету) «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады», дейді аудан әкімі Тамара Рахымжанова.
Сонымен қатар аталған бағдарлама аясында ауданда 4 жоба субсидияланған.
Атап айтқанда, тауар мен жабдық сатып алу және жөндеу, жүк тасымалдау қызметін кеңейту, дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды өсіру бойынша қызметті дамыту жобалары.