Коронавирус
1 мин оқу 156

Еліміздің екі облысы әлі де «қызыл» аймақта тұр

<p style="text-align: justify;">Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия&nbsp;эпидемиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады,&nbsp;деп хабарлайды&nbsp;<a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz</a>.</p>

Комиссия мәліметіне сәйкес, Қазақстанның екі облысы «қызыл» аймақта тұр. Олар: Ақмола, Павлодар облыстары.

«Сары» аймақта Нұр-Сұлтан қаласымен қатар Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары бар. Ал қалған өңірлер «жасыл» аймақта. 

Айта кетейік, Қазақстан коронавирустың таралу қаупі жағынан «жасыл» аймақта тұр.

Бөлісу:
Еліміздің екі облысы әлі де «қызыл» аймақта тұр · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар