Аймақтар
1 мин оқу 432

Атырау қаласында 17 тұрғын үй бой көтереді

<p style="text-align: justify;">Биыл Атырау қаласында 672 пәтерлік 17 тұрғын үй салу жоспарланып отыр, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Атырау қаласында 17 тұрғын үй бой көтереді

Бұл туралы Атырау қаласының әкімі Қайрат Оразбаев мәлім етті.

Оның айтуынша, облыс орталығындағы «Береке» шағын ауданында​ 240 пәтерлік ​ бір тұрғын үй салынады. Тағы бір жаңа шағын аудан –​ «Самалда»  432 пәтері бар 16 тұрғын үйдің ​ құрылысы бой көтереді.

«Қала маңындағы Талғайраң елді мекенінде көп қабатты 46 үйдің құрылысын салу үшін жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалды. Мұнда салынып жатқан 1 080 пәтерлік көп қабатты 24 тұрғын үйге инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым желісі тарту жалғасып жатыр» дейді Қайрат Оразбаев.

Сондай-ақ, былтыр «Нұрлы жер» тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында көп қабатты 4 тұрғын үйге күрделі жөндеу жасалды. Енді биыл тағы да 15 тұрғын үй терможаңғыртудан өткізіледі.

Бөлісу:
Атырау қаласында 17 тұрғын үй бой көтереді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар