Аймақтар
1 мин оқу 500

Атырауда спорттық нысандар көбейеді

<p style="text-align: justify;">Атырау қаласының әкімі Қайрат Оразбаевтың мәліметінше, биыл мұнайлы шаһарда спорттық нысандардың қатары көбейгелі отыр.</p>

Атырауда спорттық нысандар көбейеді

Әкімнің айтуына қарағанда, былтыр облыс орталығында 17 спорттық нысан қала жұртшылығының игілігіне берілді. Оның ішінде 5 футбол, 2 баскетбол, балалар үшін 6 ойын алаңы мен 4 воркаут бар.

«Биыл Атырау қаласының маңындағы Томарлы елді мекені мен Геолог шағын ауданында спорт кешенінің құрылысын салу үшін жобалық-сметалық құжаттама жасақталып жатыр. Сондай-ақ, қаладағы 25 мектепке арналған спорт алаңын, аулаішілік 23 спорттық нысан,​ оның ішінде 1 футбол, 2 баскетбол алаңын​ жаңғырту,​ 6 воркаут, балаларға арналған 14  ойын алаңын  салу көзделіп отыр» деді Қайрат Оразбаев.

Бөлісу:
Атырауда спорттық нысандар көбейеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар