Ауа райы
1 мин оқу 245

Демалыс күндері Қазақстанда күн жылынады

<p style="text-align: justify;">Синоптиктер 13-15 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Мәскеу аудандарынан келетін циклон республиканың батыс және солтүстік аймақтарына ауысып жатыр. Осыған байланысты аталған өңірлерде жаңбыр мен қар жауады. Ауа температурасы жоғарылайды. Сондай-ақ жаяу бұрқасын соғып, жел күшейеді. Ел аумағының қалған бөлігі жоғары қысым аясында болады. Соның салдарынан жауын-шашын жаумайды. Республика бойынша кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Бөлісу: