Аймақтар
1 мин оқу 330

Қостанай қаласының әкімі халыққа есеп берді

<p style="text-align: justify;">Бүгін Қостанай әкімі Қайрат Ахметов қала тұрғындарына онлайн режімде есеп берді. Әкім облыс орталығының 2020 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуын қорытындылап, Қостанайда &nbsp;биыл жүзеге асырылатын тың жобалар туралы баяндады.</p>

Қостанай қаласының әкімі халыққа есеп берді

Қостанайда былтыр өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 652,1 млрд теңгеге дейін ұлғайған.  Әсіресе, көлік құрастыру саласының табысы қомақты.   

– Жыл басынан бері Қазақстанда 75 мыңнан астам көлік құралы өндірілді. Олардың жартысынан көбі яғни, 53,2%-ы Қостанайдағы «СарыарқаАвтоПром»  зауытына тиесілі.  Кәсіпорын 2020 жылы 40 мың көлік шығарды, – деді Қайрат Ахметов.

Әкімнің айтуынша биыл «Индустрияландыру-кәсіпкерлікті қолдау картасы» аясында Қостанайда бірнеше ірі кәсіпорындардың құрылысы басталмақ.

- 2020-жылы индустриялық аймақта «Beefexport Group» ет өңдеу кешені мен шойын құю зауытының, сондай-ақ автокөлік бөлшектерін шығаратын кәсіпорынның құрылысы бойынша жұмыс жалғасады. «Агромашхолдинг KZ» АҚ аумағына бизнес-инкубатор орналастыру жоспарланып отыр. 2 жобаны биыл 1 тоқсанда пайдалануға беру жоспарлануда, - деді әкім.

Бөлісу:
Қостанай қаласының әкімі халыққа есеп берді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар