Аймақтар
1 мин оқу 140

Петропавлда жүкті әйелді көлік қағып кетті

<p style="text-align: justify;">Петропавл қаласында жүкті әйел зардап шеккен жол-көлік оқиғасына қатысушы жасырынбақ болып, оқиға орнынан қашып кеткен, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Петропавлда жүкті әйелді көлік қағып кетті

Ол «Mitsubishi Delica» автокөлігімен әйел адам жүргізіп келе жатқан «Hyundai Solaris» -ке соғылған. Жәбірленуші Петропавл қаласындағы емдеу мекемелерінің біріне жүгініп, емделуге жатқызылған. СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының іздеу тобының қызметкерлері жол-көлік оқиғасын жасаған және оқиға орнынан кетіп қалған Қызылжар ауданының 26 жастағы тұрғынын анықтады.

Қазір полиция оның автокөлігін арнайы тұраққа қойып, өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 611-бабы «Жүргізушінің жол-көлік оқиғасына байланысты міндеттерді орындамауы» бойынша материал жиналды.

Жыл басынан бері облыста адамдардың денсаулықтарына зиян келтірілген оқиға орнын тастап кетудің 4 жағдайы тіркеліп, олардың үшеуі анықталған.

Бөлісу:
Петропавлда жүкті әйелді көлік қағып кетті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар