Бублик пен Голубев жарыстың басты фавориттерін ұтты
<p style="text-align: justify;">Мельбурнде өтіп жатқан Аустралияның ашық біріншілігі нағыз қызған шағына жетті. Өкінішке қарай, жекелеген сайыстарда сынға түскен Қазақстанның бірде-бір теннисшісі төртінші кезеңге шыға алмады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Соңғы үмітіміз Юлия Путинцева еді. WTA рейтингінде 33 орында түрған жерлесіміз үшінші айналымда әлемнің бесінші ракеткасы Элина Свитолинадан ұтылды. Алдыңғы жылы Уимблдон мен АҚШ-тың ашық біріншілігінің жартылай финалына дейін жетіп, былтыр Ролан Гарростың ширек финалында ойнаған Украина теннисішсі бұл бәсекеде 6:4, 6:0 есебімен жеңіске жетті.
Есесіне Александр Бублик пен Андрей Голубев жұбы Мельбурнде сәтті өнер көрсетуде. Екінші кезеңде олар осы жарыстың басты фавориттері Хуан Себастьян Кабаль мен Роберт Фарадан 6:4, 6:4 есебімен айласын асырып, үшінші айналымға жолдама алды.